Абай облысында облыстық кибертурнир өтті
2024 жылдың 31 қазанында, облыс орталығы Семей қаласында жастар арасындағы түрлі тәуелділіктің алдын алу жобасы аясында облыстық кибертурнир өтті. Оған 17 команда қатысты. Достық атомосферада өткен жарыста әр қатысушы өз мүмкіндіктерін, дағдылары мен командада жұмыс істеу қабілетін көрсете алды. Турнир командалардың жоғары дайындық деңгейін көрсетті және киберспорт пен командалық жұмыстың қызығушылығын нығайту үшін тамаша мүмкіндік болды.
Нәтижесінде белсенділік танытқан ойыншыларға арнайы номинациялар берілді. Жүлделі орынға ие болған командалар:
• 1 орын - JQgames («JQgames» компьютерлік клубы);
• 2 орын - “ПодКумысом” (Alikhan Bokeikhan University);
• 3 орын - vo’co («Семей медицина университеті» ҚЕАК).