РК, область Абай, г. Семей, 1 мкр., 9-22
8 707 746 47 60, 8 701 606 29 10

Написать нам

Полиция департаментімен бірге есірткі заттарын жарнамалайтын қаладағы тұрғын үйлер мен ғимараттардың сыртындағы жазуларды өшіру акциясын өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Полиция департаментімен бірге есірткі заттарын жарнамалайтын қаладағы тұрғын үйлер мен ғимараттардың сыртындағы жазуларды өшіру акциясын өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының волонтерлері «Еsirtkige jol joq» және «Bolashaqqa jol» жобасы аясында елордалық Полиция департаментімен бірге есірткі заттарын жарнамалайтын қаладағы тұрғын үйлер мен ғимараттардың сыртындағы жазуларды өшіру акциясын өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара аясында Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және «Alians KGN Qazaqstana» ҚҚ бірлесе отырып, Сарыарқа ауданында есірткі сату туралы мәліметтері бар нысандарды тексерді. Акция барысында еріктілер тиісті мекенжайларды анықтап, синтетикалық есірткіні жарнамалайтын Telegram bot сілтемесі бар жазуларды бояп өшірді. Сондай-ақ белсенділер қала тұрғындарына есірткінің зияны туралы ақпараттық буклеттер таратты. Акция диспансерлік есепте тұрған есірткіге тәуелді адамдардың санын азайтуға бағытталды.

Астана қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Әлия Кибатқызы әсіресе 14 мен 35 жас арасындағы есірткіге үйір жастардың үлесін азайту керектігін атады. Оның айтуынша, есірткі сату жарнамасына қаржы табу мақсатымен жүгінетін жасөспірімдер жиі алданады.

Астана қаласының Полиция департаменті жыл басынан бері заңсыз есірткі жарнамасы бар 60-қа жуық сайтты анықтап, сәйкесінше бұғаттады. Есірткі айналымына қатысты 11 қылмыстық іс қозғалды.
Жастар арасында бұл бағытта дәрістер өткізіліп, насихаттау жұмысы жүргізіледі.

Есірткіге қарсы акция 2020 жылдан бері жыл сайын жүргізіліп келеді. «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының қызметкері Олжас Хамитовтің сөзінше, қаладағы бес аудан бойынша бұл акция жыл соңына дейін жалғасады. Ал 15 жастағы волонтер Зарина Серікова жастар арасында дендеп келе жатқан есірткі айналымы қоғам дертіне айналған дейді.
Сондықтан «Астана жастары» есірткі қылмысына қарсы болуға шақырады.

7d4e203aaca7c5f72dd389eb8d44a793_1280x720
9a21812f8f0ab218f241799f162c4fce_1280x720
71d0beb227c8a109531fdb7b158677c7_1280x720
87c429039b4f9a4ed3aac3b93cc39d82_1280x720
b4e7796cdc098a11d4d949762f0cf71f_1280x720

Мы в соцсетях

Подпишитесь на нас, чтобы быть в курсе последних новостей.

РК, область Абай, г. Семей, 1 микрорайон, 9-22
8 707 746 47 60, 8 701 606 29 10
Разработка и техподдержка сайта
SemStar