Аягөз қаласындағы «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» атындағы мәдениет үйінде 2024 жылдың 16 мамыр күні сағат 14:00-де әйелдер арасында қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған маңызды іс-шара өтті.
Аягөз қаласындағы «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» атындағы мәдениет үйінде 2024 жылдың 16 мамыр күні сағат 14:00-де әйелдер арасында қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған маңызды іс-шара өтті. Бұл шара Абай облыстық ішкі саясат басқармасының бастамасымен, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ұйымдастырылып, «СОЦKZ» қоғамдық қоры жүзеге асырды.
Семинар-тренингтің тақырыбы «Қаржы пирамидалары мен несиелерге тартудың алдын алу» әсіресе, жаһандану жағдайында қаржылық тәуекелдерді түсінудің маңыздылығына бағытталған.
Шараға Абай облысының қарасты Аягөз, Үржар, Мақаншы аудандарынан 60 әйел адамдары қатысты.
Іс-шарада сөз берілген спикерлер:
1) Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің Ұйымдастыру-бақылау басқармасының басшысы ЭТҚ полковнигі Ксанов Алмат Маратұлы.
2) Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің тергеушісі ЭТҚ капитаны Рымбекқызы Сауле.
3)Аягөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің директорының міндетін атқарушы-Кананов Асхат Талғатұлы.
4) «Даму» КДҚ АҚ Абай облысы бойынша аймақтық филиалының директоры– Қасымова Айгүл Өмірзақызы.
5) « Қазақстан Халық Банкі » АҚ №269900 «Абай» облыстық филиалының директорының орынбасары Сапарбек Бейімбет Серікұлы.
6) Бейспаева Баян кәсіпкер жетістіктерінің тарихы туралы әңгімелейді
Семинар-тренингтің мақсаты – қаржылық сауаттылық туралы білімдерін кеңейту ғана емес, сонымен қатар әйелдерді қоғамдық өмірге белсенді қатысуға тарту, яғни осылайша қоғамдағы өмір сапасын жақсартуға ықпал ету.